Американдық джаз квартет - Павлодарда

"Пол Бодри және Пэсуэйз" джаз квартеті Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өнер көрсетеді.

"Пол Бодри және Пэсуэйз" джаз квартеті Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өнер көрсетеді.
срочно сниму 1 комнатную квартиру, в районе ПГУ или Усолки. на длительный срок. за 20 000 + ком услуги
обращаться по телефону 87001625053, 655559 (после 19.00)
«БІЗ – БІРГЕМІЗ!»
Үстіміздегі жылдың 18-20 тамыз күндері қасиетті Баянауыл төсінде алғашқы рет шекаралас ынтымақтастықтың «Бірлік-Единство.kz» атты халықаралық жастар этно-мәдени форумы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткен айтулы шараның ұйымдастырылуына Павлодар облысы әкімдігі мен облыс бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мұрындық болды. Форумға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА жастармен жұмыс жөніндегі комиссияның төрайымы Людмила Хочиева, ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық кеңесінің хатшысы Наталья Калашникова, сондай-ақ республиканың бес облысы мен Ресей көршілес өңірлерінің делегациялары қатысты.
Мәдениетаралық диалогты дамыту, екі елдің жастар этно-мәден бірлестіктер арасында тәжірибе алмасуға жол ашу, өзара келісім мен ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар жастар қауымына қатысты өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. Бұл - шекаралас ынтымақтастықтың «Бірлік-Единство.kz» форумының көздеген негізгі мақсаттары. Үш күнге созылған форум Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының ҚХА өкілдері мен Ресейдің Омбы, Томск, Новосібір өңірлерінен келген 30-дан астам ұлт өкілінің басын біріктірді.
Екі елдің жастар қауымын өзара бірлік пен ынтымақтастыққа үндеген форумға қатысқандар ең алдымен берекелі бірлігімізді асқақтатқан Павлодар қаласындағы Достық үйінде болды. Қос мемлекет өкілдері Ертістің Павлодар өңірінде тату-тәтті өмір сүріп жатқан 19 ұлт өкілінің мызғымас достығы мен ынталы ынтымақтастығынына көз жеткізіп, этно-мәдени бірлестіктерінің тыныс-тіршілігімен таныс болды. Ауқымды шараның «Алуан түрліліктегі бірлік» ұранымен өткен екінші күні түрлі жастар этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері бағдарламалары мен жобаларының тұсаукесер рәсімі, жастар бастамаларының көрме жәрмеңкесі мен «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы құтты болсын, Қазақстан!» атты арт-акциясы өтіп, «Бір біргеміз!» атты шығармашылық концерт пен лингвистикалық коммуникативтік ойындарға ұласты. Бұл шаралар барысында этно-мәдени алуан түрлілікке, сондай-ақ Қазақстан мен ресейдің шекаралас облыстарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда әлеуметтік тұрғыдағы тәжірибелерді тиімді пайдалануына септігін тигізетін ой-пікірлер айтылып, жастар бастамалары мен жаңаша идеяларымен алмасуға арналған тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы құрылды.
Есте қалар шараның бірі - "Тәуелсіздктің 20 жылдығы құтты болсын, Қазақстан!" атты артакциясы. Акция барысында екі елдің жүзі басқа, тілегі бір жастары еңселі елімізді Тәуелсіздікпен құттықтап, жүрекжарды игі тілектерін жеткізді.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген 20 жылдық тарихы бар "Жас қанат" байқауы биылғы жылы да жас таланттарға құшағын жайды.
Бақ сынауға келген дарынды жастар Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өз өнерлерін ортаға салды. Еліміздің он қаласынан іріктеліп шыққан өнерпаздарымызға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік туып отыр. Бұл әншілердің арасынан да болашақ жұлдыздардың шығатыны сөзсіз.
Байқауда Павлодар қаласының намысын қорғап, бойдағы өнерін паш еткен Гүлмира Жұмабекова үшінші орынды қанжығасына байлап қайтты. Тартысты өнер додасында жерлес әнші өзінің авторлық туындысы - "Желтоқсан" әнін орындап, қазылар тарапынан қошеметке ие болды.
Жарайсың, Гүлмира!
Қазақстандық кино апталығының үшінші күні. Облыс орталығындағы Ш.Айманов атындағы кинотеатрда "Сказ о розовом зайце" фильмінің көрсетілімі өтті. Қазақшас - "Алқызыл туралы қоян туралы ертегі" , өте күлкілі. Алқызыл гүлді көргенім бар, ал қоянды..... жоқ, көрмедім. Сонымен қатар, аталмын туындыда басты рөлдерді сомдаған Фархат Абдраимов (Фара), Әнуар Нұрпеисов және "Қазақфильмінің" вице-президенті І.Ахметовпен кездесу өтті. Әңгіме барасында өнер иелері, әрине, фильмнің өте сәтті шығып, көрермендер, қазақстандық көрермен тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болғаны туралы айтты.
Әнуардың бойындағы ерекше "қазақтық" қасиет ұнады. "Павлодар облысы - орыстанған!" деген жаңсақ пікірге сенбегені қуантады. Фильм басталарда павлодарлықтармен қазақша амандық сұрасып, қазақша сөйлегені - оның ұлтжандылығы мен қарапайымдылығының белгісі болса керек.
"Фильмде сомдаған рөлің өзіңнің жанына жақын ба?" деген сұрақ қойылған болатын. Ол болса, өз кезегінде рөл оған жақын екенін жеткізіп, алдағы уақтта жағымсыз кейіпкерлердің образында кинооға түссем деген тілегі бар екенін айтты.
Сәуірдің он сегізінде Павлодар облысы әкімдігі мен «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен Ш.Айманов атындағы кинотеатрда қазақстандық кино апталығы басталды. Отандық кино өнімдерді жұртшылыққа таныстыруды көздеген шара үстіміздегі жылғы сәуір айының жиырма екінші жұлдызына дейін жалғасады.
Аталық аясында павлодарлық киносүйер қауым қазақстандық киногерлердің «Махаббат тәлкегі», «Афалинаның секірісі», «Алқызыл қоян туралы ертегі», «Бәйтерек», «Менің балалалығымның аспаны» фильмдерін тамашаламақ. Әрбір фильм көрсетілімінен кейін аталмыш кинотуындылардың түсіруші тобымен кездесулер ұйымдастырылады.
в наше время пожалуй нельзя встретить человека, который бы не использовал в своей речи сленги.
Сленг (от англ. slang) — терминологическое поле, набор особых слов или новых значений уже существующих слов, употребляемых в различных человеческих объединениях (профессиональных, социальных, возрастных групп).
мне в голову пришла мысль. давайте создадим словарь сленгов чисто казахского происхождения.
например: "раха", "қума", "жай-май"
и.т.д. Так что, без вашей помощи не обойтись.
Субботний день. Третьего апреля. После голосования мы с подругой направились к ее сестре. Вдруг, мы заметили один красный шарик,который летел во дворе. "Возьми этот шар, может там есть имя твоего будущего мужа!" сказала она. Я ни о чем не подозревая бегу за шаром, хватаю его .. и...обнаружила, что внурти этого шарика какая-то бумажка лежит. Мы удивились. А там было написано "Хочу семью, большую".Кто бы мог это написать? Думаю, воспитанник детского дома. Пусть это улышит Аллах, и даст ему семью, о котором он мечтает.
Шуақты көктемнің шырайлы мерекесі - Әз Наурыз табалдырығымыздан аттап, төрге шықты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында аталып өткен Наурыз ерекше сипатта болды. Оның жоғары деңгейде өтуіне шаһарымыздың көптеген кәсіпорындары мен ұйымдары атсалысты. «Армысың, әз Наурыз!» деп аталған ауқымды шараға 1300 адам жұмылдырылған.«Көктем келді дегенше, Наурыз келді десейші» дегендей, көгілдір көктемнің ұлық мерекесі аймағымыздың түкпір-түкпірінде тойланды. Қаламыздың орталық жағажайында нағыз халықтық мейрам салтанат құрды. Бұл күні орталық алаң әсем безендіріліп, ерекше сұлу кейіпке енді. Мерекеге жиналған тұрғындар шат-шадыман көңіл күйге бөленіп, бір-біріне шексіз құттықтау лебіздерін білдіріп жатты.Бейбіт өмір мен берекенің, мейірбандық пен ізгіліктің бастауы болған Ұлыстың Ұлы күніне орай Ертістің Павлодар өңірінің отыздан астам шағын аудандары мен облыс орталығында 94 киіз үй тігіліп, мейрамның сәнін келдірді. Ұлттық киім киген жас жігіттер мен қыз-келіншектерге қарап көзің сүйсінеді, көңілің көркейеді. Аспанмен таласқан алтыбақан, күмбірлеген күй, мың бұралған бишілер өнері Наурызды одан әрі айшықтай түскендей.
Құрметті павлодарлықтар! Мерекелеріңмен!
Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының жиырма бірінші маусымы театр ұжымы мен көрермендері үшін есте қалар айрықша сәттерге толы болуда деуге негіз бар. Олай дейтініміз, жиырма бірінші маусым шымылдығын былтыр түрген театр өзінің көрермендері үшін екі бірдей премьералық қойылым әзірледі. Оның біріншісі Д.Исабековтың «Алладиннің сиқырлы шамы» ертегі пьесасы болса, екіншісі - өнер ордасының туған күніне орай арнайы сахналанған М.Төлебаевың «Біржан-Сара» музыкалық опереттасы болғаны белгілі. Ал жуырда шоқтығы биік мәдени ошақтың өнер тарландары өз көрермендеріне тағы бір жаңа премьералық қойылым тарту етті.
Қазақстандық танымал драматург С.Қасымбектің «Палата» мелодрамасы талғампаз көрерменнің назарына ұсынылды. Сахналанған спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР мәдениет қайраткері – Гүлбарам Бахтиярова, суретші-декораторы – Рысбек Стыбаев. Басты рөлдерді сомдаған театр әртістерінің қатарында ҚР мәдениет қайраткері Талжібек Атамбек, Анар Байбөпенова және Аида Жәмішева болды. «Палата» қойылымы тағы бір мәрте тамашалаймын деушілердің тағы бір мүмкіндігі бар. Аталмыш мелодрама наурыздың жиырма бесінші жұлдызында үшінші
рет сахналанбақ.